Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе?

Қайырлы күн, оқырман! Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз. 📌Ең алдымен ХҚО-ның жеңілдік терезесіне кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз; 📌Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз; 📌ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз: 📎Жеке куәлік; 📎Егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат (нотариалды растау қажет емес); 📍Мүгедек азамат жайлы қажетті ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бірден енгізеді. ☝️Егер ақпараттық жүйеде мәлімет толық болмаған жағдайда келесі мәліметтерді қосымша талап етеді: 📎Мүгедектігіне байланысты құжаттар; 📎Жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі; ⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 10 жұмыс күні. ❗️Есіңізде болсын! Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады. Дендеріңіз сау болсын!