КЕНТАУДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы өтті.
Тазалық шарасына Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ басшысы Асқар Шипеков, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлері, мекеме қызметкерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Акция барысында табиғи аумақтар мен су көздерінің маңайы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жалпы шараға 200-ге жуық адам қатысып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи су көздерін күтіп-баптау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Қала әкімі Жандос Тасов табиғатты қорғау мен туған жердің тазалығын сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.