КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «ATAMEKEN FAIR TURKISTAN BRAND» ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «ATAMEKEN FAIR TURKISTAN BRAND» ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «ATAMEKEN FAIR TURKISTAN BRAND» ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
 
Түркістан қаласында өтіп жатқан «Atameken Fair Turkistan Brand» жәрмеңкесіне Кентау қаласының кәсіпкерлері қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Жәрмеңкеде облыстың үздік өндірушілері бас қосып, өңірде өндірілетін отандық өнімдер мен жергілікті брендтер таныстырылды. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев қатысып, кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты.
Кентаулық кәсіпкерлер де өздері өндіретін өнімдерін ұсынып, қаланың кәсіпкерлік және өндірістік әлеуетін таныстырды.
Аталған жәрмеңке жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, олардың өнімдерін кеңінен насихаттауға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.