КЕНТАУ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТУДА
Кентау қаласында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығы жыл санап артып келеді. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылатын ғылыми жобалар байқауларына қатысушылар санының өсуі – жас ұрпақтың ғылымға деген ынтасының артып, зерттеу қабілетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Оқушылардың ғылыми жобаларға қатысу көрсеткіші:

2024 жылы – 120 оқушы;

2025 жылы – 160 оқушы;

2026 жылы – 174 оқушы.
Бұл көрсеткіш – оқушылардың ізденісін қолдап, ғылыми бағытқа баулып жүрген ұстаздар мен жетекшілердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Соңғы оқу жылындағы республикалық кезеңдердегі жетістіктер Астана қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Кентау қаласының оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

II орын – химия пәні бойынша Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің оқушысы Бимолдаева Камшат.
Жетекшісі – Әбсейіт Алтынбек.

III орын – информатика пәні бойынша Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы Жексенбі Нұрбол.
Жетекшісі – Адырбекова Айгерім.
Сонымен қатар республикалық кезеңге жолдама алып, байқауға қатысқан оқушылар қатарында:

қазақ тілі пәні бойынша Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Абдулла Асел. Жетекшісі – А. Байменова;

физика пәні бойынша Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Дадаханов Атабек. Жетекшісі – Н. Насирова.

«Зерде» республикалық байқауындағы жетістіктер
2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық «Зерде» байқауының шешуші кезеңінде Кентау қаласының оқушылары да жоғары нәтиже көрсетті.

I орын – М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ратнер Алина ағылшын тілі бағыты бойынша «A Role of Comics in Learning a Foreign Language» тақырыбындағы ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, республика бойынша I орын иеленді.
Жетекшісі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нысанбаева Гүлімжан Бахытжановна.

II орын – «Адал Роумакс» жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Махсутова Айнара «Хош иісті балауыз шамдар» тақырыбындағы ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі II орынға ие болды.
Жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Нусқабаева Дюсенгүл Өмірбаевна.

Жас зерттеушілердің бұл жетістіктері – Кентау қаласында білім мен ғылымға бағытталған жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Қала абыройын асқақтатып, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен жас ғалымдарға, олардың ата-аналары мен ғылыми жетекшілерінің еңбегі орасан.
Жас ұрпақтың ізденісі мен білімге деген құштарлығы – Кентаудың жарқын болашағының кепілі.