КЕНТАУДА ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

КЕНТАУДА ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірістік нысандар мен ғимараттарды іске қосу бағытында Кентау қаласында кәсіпкерлік жоба жүзеге асырылуда.
Соның бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ет өнімдерін өндіру және өткізу бағытында қолға алынған жоба.
Кәсіпкер Асқар Утегенов аталған жоба аясында 30 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, кәсібін дамытуға бағытталған жобасын жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда кәсіпкер шағын сауда дүкенінде өз өндірісінен алынған сапалы, балғын әрі табиғи ет және ет өнімдерін тұрғындарға ұсынып, тұрақты сауда жүргізуде.
Жобаның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындарды сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету, ет өнімдерін өндіру көлемін арттыру, ішкі нарықты жергілікті өніммен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, өңірлердегі өндірісті дамытуға, жаңа жобаларды іске қосуға және тұрғындардың тұрақты табысын арттыруға мүмкіндік беріп келеді.
Кентауда жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар жергілікті өндірісті дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосуда.