КЕНТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕНТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында әлеуметтік қорғау және тұрғын үйлерді табиғи газға қосу бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды.
Жиын барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының 2026 жылдың 7 айындағы орындалуы туралы есеп берді. Қала бойынша есепте тұрған 8 469 мүгедектігі бар азаматты оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы түскен өтініштердің 69 пайызы толық орындалған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Искаков қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторды табиғи газға қосу жұмыстарының барысын баяндады.
Қазіргі таңда Кентау қаласы бойынша жалпы 18 062 абоненттің 66,4 пайызы орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Баяндамада газ жүйесіне қосылмаған үйлерді қамту, мердігер мекемелердің міндеттемелерін орындауы, газосигнализаторлар орнату және газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы баяндалды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Тасов жауапты сала басшыларына әлеуметтік қолдау шараларының сапалы жүзеге асырылуын бақылауды, газға қосу жұмыстарын жеделдетуді және тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.