ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін қала әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар жер мәселесі, жұмысқа орналасу, коммуналдық қызметтер және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Қала басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, жекелеген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.