КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
 
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды.
Алғашқы болып кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ердәулет Сапарбайұлы қала аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада заңды жер қойнауын пайдаланушылардың қазіргі жағдайы, заңсыз қазба орындарына жүргізілген мониторинг нәтижелері, рейдтік іс-шаралар, анықталған заң бұзушылықтар және олар бойынша қабылданып жатқан шаралар кеңінен баяндады.
Одан кейін Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қайрат Серік қала аумағындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы туралы баяндама жасап, аурудың алдын алу шаралары, тұрғындардың сақтық шараларын сақтау қажеттігі және жауапты мекемелердің бірлескен жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қалалық ветеринариялық қызмет ШЖҚ МКК басшысы Зейнолла Нұрсұлтан көктемгі энзоотиялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп берді. Баяндамада кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының көлемі, қамтылған аумақтар және ветеринариялық-профилактикалық шаралардың нәтижелері таныстырылды.
Мәжіліс қорытындысында қала әкімі Жандос Тасов көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды және профилактикалық іс-шараларды күшейтуді тапсырды.