КЕНТАУДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕБІ – РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

КЕНТАУДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕБІ – РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ
КЕНТАУДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕБІ – РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ
 
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2025–2026 оқу жылына арналған ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытынды рейтингі жарияланды.
Республика бойынша 125 мыңнан астам оқушы қатысқан төрт кезеңді білім додасының нәтижесінде Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейі ең жоғары ұпай жинап, республика бойынша І орынға ие болды. Осылайша білім ордасы «Ең үздік ауыл мектебі» атанды.
Бұл жетістік – мектеп ұжымының жүйелі жұмысы мен педагогтердің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ оқушылардың білімге деген ынтасы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды білім жобаларының бірі саналады.
Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейінің жоғары нәтижесі Кентау қаласының білім саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетіп, өңірдің білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесін айқындайды.