КЕНТАУДА «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – СПОРТПЕН БІРГЕ» АТТЫ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – СПОРТПЕН БІРГЕ» АТТЫ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласының «Динамо» стадионында жастар арасында «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» тақырыбында футболдан жарыс өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің заңсыз айналымының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жарысқа қала бойынша жалпы 12 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін танытты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды – «Кентау политехникалық колледжі» командасы жеңіп алды, II орынды – «Жасұлан» командасы иемденсе, III орын – «Байылдыр» командасына бұйырды. Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар, дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды.

Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше өнер көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды: Осындай спорттық іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға, жаман әдеттердің алдын алуға және қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты нығайтуға өз үлесін қосады.