Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң: тиімді басқаруға бастар қадам

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң: тиімді басқаруға бастар қадам

2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшіне енеді. Құжат мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Жаңа заң мемлекеттік қызметтің сервистік моделін енгізіп, азаматтардың сұранысына жедел әрі сапалы жауап беруді басты міндет ретінде айқындайды. Сонымен қатар кадрлық процестерді толық цифрландыру көзделіп, мемлекеттік қызметке қабылдау мен мансаптық өсу жүйесінің ашықтығы артады.

Заңда жас мамандарды қолдау, тәлімгерлік институтын дамыту және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері кеңейтіліп, тұрғын үй қолдауы, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру және еңбек құқықтарын қорғау шаралары қарастырылған.

Аталған заң мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттырып, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халық сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Бұл – тиімді әрі халыққа бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Түркістан облысы

бойынша департаменті