КЕНТАУЛЫҚ ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕР ҮНДІСТАНҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

КЕНТАУЛЫҚ ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕР ҮНДІСТАНҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

WRO ALMATY 2026 республикалық робототехника олимпиадасында Robomektep.kz командасының оқушылары Хакназар Джақсылықов мен Дулат Әбдіхалық жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иеленді!

Команда өздерінің табандылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орынға лайық деп танылды.

Бұл жетістік – оқушылардың қажырлы еңбегі, үздіксіз ізденісі мен жүйелі дайындықтарының жарқын нәтижесі. Енді олардың алдында халықаралық деңгейде өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі тұр.

Бұл жеңістің нәтижесінде біздің оқушылар 2026 жылдың қыркүйегінде Үндістанда өтетін халықаралық WRO Championship жарысында Қазақстанның намысын қорғау жолдама алды.

Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы. Енді кентаулық команда Үндістандағы халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатуға аттанады.