
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Кентау қаласында ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген журналистер, әлеуметтік желі белсенділері және баспасөз хатшылары марапатталды.
Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуов пен қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов кәсіби мереке иелерін құттықтап, олардың қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Іс-шара барысында қала әкімі Жандос Тасовтың және қалалық мәслихаты төрағасының алғыс хатымен бірқатар БАҚ өкілдері, әлеуметтік желі белсенділері мен баспасөз қызметкерлері марапатталды.
Жиында ақпарат саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғамды шынайы әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.