СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Шүкірбайұылының төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарын талқылау жөніндегі мәжіліске дербес бөлім басшылары, қала әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты.

Жиында сөз алған қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы Сейфуллин Бақытұлы дербес бөлімдер мен ауыл әкімі аппаратында 2026 жылдың 14 мамыр мен 26 маусым аралығында қала әкімінің 2026 жылғы 05 мамырдағы №143 өкімі негізінде құрылған жұмысшы топпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары бойынша баяндады.

Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Бауыржан Шүкірбайұлы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайту – мемлекеттік басқару жүйесінің басты бағыты екені айтылды.