КЕНТАУДА «TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА «TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Кентау қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «TUR Workout – Тәртіпке тартыл» қалалық іріктеу сайысы өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Абай Қадыров және Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Сайысқа қала мен ауылдық округтерден 80-ге жуық жас қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар воркаут спорт түрі бойынша белтемірге тартылу, күштік жаттығулар және өзге де спорттық сайыстарда бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 7 кентаулық жас іріктеліп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу.