КЕНТАУЛЫҚ АМАНГЕЛДІ ӘСЕЛ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

КЕНТАУЛЫҚ АМАНГЕЛДІ ӘСЕЛ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

1–13 маусым күндері Испанияның Аликанте қаласында өткен әлем чемпионатында Амангелді Асел 20 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтың блиц түрінен күміс жүлдегер атанып, рапид түрінен алтын медаль иеленді. Сонымен қатар стандартты шахматтан Әлем чемпионы атанды.

Шахмат тренері: Шотаев Асхат Есенбекұлы

Естеріңізге сала кетейік, Асел – Қазақстан және Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Міне, енді әлемді де бағындырып отыр!

Кентау қаласының мақтанышы – Амангелді Аселге алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!