
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Абай көшесіндегі №25, №25А және Ш.Уәлиханов көшесіндегі №66, №68 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, аулаларға орнатылып жатқан балалар ойын алаңшаларына қатысты ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ тұрғындар аулаларға арнайы су ағар жүйелерін орнату, жарықтандыру жұмыстарын жақсарту және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына бейнебақылау камераларын орнату жөніндегі өтініштерін жеткізді.
Қала әкімі көтерілген мәселелер мен тұрғындардың өтініштерін назарға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде тұрғындарды аулаларды күтіп ұстау, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырып, бұл бағыттағы жұмыстардың бірлесіп атқарылуы маңызды екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, олардың кезең-кезеңімен шешілуі қарастырылатыны жеткізілді.