ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар жер мәселесі, такси жүргізушілеріне арналған тұрақ орны, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, кәріз жүйесі және басқа да коммуналдық мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Қала басшысы әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, көтерілген сұрақтардың бақылауда болатынын атап өтті. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.