САММИТТІҢ ТАБЫСТЫ ӨТУІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

САММИТТІҢ ТАБЫСТЫ ӨТУІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында өткен халықаралық деңгейдегі Саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды.

Сол азаматтар қатарында бірқатар кентаулық еңбек адамдары бар.

Қала әкімі Жандос Тасов марапат иелерін құттықтап, ауқымды іс-шараның сапалы өтуіне үлес қосқан әрбір азаматтың еңбегі маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Алғыс хаты – адал еңбек пен мінсіз қызметтің нәтижесі екенін атап өтті.

Марапатталған азаматтар Саммит барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, инфрақұрылымдық жұмыстарды ұйымдастыру, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және басқа да маңызды бағыттарда табанды еңбек етіп, еліміздің халықаралық беделінің артуына өз үлестерін қосты.

Іс-шара соңында марапат иелеріне алдағы қызметтеріне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне ризашылық білдірілді.