КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Кентау қаласында бірқатар патриоттық іс-шаралар өтті.

Мерекелік шара Көктөбе демалыс аймағында ұйымдастырылып, оған қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы мен «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында қала тұрғындары мен жастар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметтерін білдіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мерекелік бағдарламаларға белсене қатысты.

Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Кентау қаласының мақтанышы Бахтияр Анарбаев сөз сөйлеп, жастарды елін сүюге, спортпен шұғылдануға және биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын қастерлі құндылықтар. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухының көрінісі.