КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

_______________________________________

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Кентау қаласындағы «Ынтымақ» алаңында патриоттық және спорттық бағыттағы ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында 500-ге жуық қала тұрғыны, жастар, спортшылар мен еріктілер бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, ел рәміздеріне деген құрметін білдірді.

Мерекелік іс-шара жалпыхалықтық таңғы жаттығумен жалғасып, қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын насихаттады. Таңғы жаттығуды халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, әлем рекордтарының иегері Дәурен Дәрібаев жүргізді. Ол бірнеше спорттық дисциплина бойынша «Элита»  нормативін орындап, әлем рекордын орнатқан спортшы ретінде тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың патриоттық рухын нығайту.

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің айқын белгісі. Сондықтан оларды құрметтеу әрбір азаматтың қасиетті борышы болып табылады.