ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы Д.Қонаев және Төле би көшелерінің тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары мен тиісті сала басшылары қатысты. Тұрғындар көше жарығын ретке келтіру, балалар ойын алаңдарын жаңарту, тұрғын үйлердің жағдайы, қараусыз жүрген иттер және бірқатар құрылыс нысандарына қатысты мәселелерді көтерді.

Қала басшысы көтерілген мәселелер бойынша тұрғындармен пікір алмасып, аталған аумақтарды аралап, жағдаймен жеке танысты. Кездесу қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына мәселелерді бақылауға алып, нақты ұсыныстар әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.