Кентау қалалық ХҚО қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті

Кентау қалалық ХҚО қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті

Кентау қалалық ХҚО қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, аймақта қатаң карантиндік шектеу шараларын сақтау мақсатында қызмет алушылар Кентау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті алдын ала брондайтын болды.
Естеріңізге сала кетейік, енді азаматтар ХҚО-дан тек электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады. Кезекті  egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен брондауға болады.
Түркістан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Қызмет алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет. Одан кейінгі брондалған кезек жарамсыз деп саналады.
Айта кетейік, бүгінде халық арасында кең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн түрде қолжетімді. Қызметтерді еgov.kz порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы алып, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жанашыр болуға шақырамыз.
ХҚО-ға келуде жоспарласаңыз барлық санитарлық жіне гигиеналық нормаларды, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтаңыз.