
Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде “Соңғы қоңырау” салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Қала басшысы өз сөзінде соңғы қоңырау – үлкен өмірге бастар маңызды белес екенін атап өтіп, бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ-да сәттілік тілеп, армандары асқақ, қадамдары нық болуына тілектестік білдірді.
Биыл Кентау қаласы бойынша 1129 оқушы мектеп бітірсе, оның 1055-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген. Сонымен қатар, 104 оқушы “Алтын белгіге”, 84 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер болып отыр.
Сондай-ақ, мектеп ұжымының білім мен тәрбие саласындағы еңбегіне тоқталып, шәкірттердің түрлі байқаулар мен жарыстарда жетістікке жетіп жүргенін атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілектері айтылды.