
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Кентау қаласында «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында қалалық ата-аналар форумы ұйымдастырылды.
Жиынға қала әкімі Жандос Тасов, құқық қорғау органдарының өкілдері, төтенше жағдайлар қызметкерлері, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.
Іс-шара барысында бала қауіпсіздігі, отбасы тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалар денсаулығын сақтау және жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндамалар жасалды.
Қала әкімі Жандос Тасов өз сөзінде бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, балаға ең қажеттісі ата-ананың мейірімі, қамқорлығы мен дұрыс тәрбиесі екенін жеткізді. Сондай-ақ, отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы арқылы ғана қауіпсіз әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге болатынын айтты.
Сонымен қатар форум аясында «Ата-ана үні» челленджі ұйымдастырылып, оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар мен арнайы бейнеролик ұсынылды.
Жиын соңында бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне белсенді үлес қосқан ата-аналар марапатталды.