
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кезекті кездесуін Байылдыр ауылында өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көпірді қайта жаңғырту, электр бағаналарын жаңарту, медицина саласындағы мәселелер, ауыз су және жол инфрақұрылымына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Қала әкімі тұрғындардың сауалдары мен өтініштерін назарға алып, әр мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес жауап берді. Сондай-ақ, бірқатар жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімі ауылдағы мектеп ғимаратының жағдайымен танысып, салынып жатқан балалар ойын алаңшасы мен ветеринариялық қызмет ғимаратының құрылыс жұмыстарын да аралап көрді.
Жиын соңында тұрғындар көтерілген мәселелердің бақылауға алынғанын айтып, алдағы уақытта олардың оң шешімін табатынына сенім білдірді.