КЕНТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

КЕНТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы көпбалалы аналарды қабылдап, оларға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.

Шараның мақсаты – өмірін бала тәрбиесіне арнап, ұлт болашағын қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген аналардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету.

Жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар «Алтын алқа», ал алты бала дүниеге әкелген аналар «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады. Бұл – аналардың көпжылдық еңбегі мен отбасындағы зор жауапкершілігіне берілген жоғары баға.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Кентау қаласынан үш ана «Алтын алқа», ал 7 көпбалалы ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.