Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талқыға түсті

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талқыға түсті

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талқыға түсті

2020 жылы 10 қараша күні Кентау қаласы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талқыға түсті. Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңнаманы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс практикасын түсіндіру болды.

Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық салада балаларға қатысты құқық бұзушылықтар бойынша қазіргі жағдайға талдау жасап, кәмелетке толмағандарға қатысты қолсұғушылықты болдырмау бойынша ата-аналарға ұсынымдар берді.

Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе асырау бойынша міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс ықпал ететін ата-аналарды немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерін есепке қоюды жүзеге асыру тәртібі түсіндірілді.