Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 42-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы №178 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83 «Кентау қаласының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласына қарасты елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер қалалық мәслихаттың бюджет және бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.