
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков Хантағы ауылында жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда Хантағы–Қаратау бағыты бойындағы көпірге реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жаңа көпір салынып, жол жабыны жаңартылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарықтандыру жүйесі қарастырылған.
Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы Торлан көшесі пайдалануға берілсе, биыл Назаров, Қаратау және Иманов көшелерінде жұмыстар басталды.
Қала басшылығы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуын бақылауда ұстайтынын атап өтті.