ҚАРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ АУМАҒЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ АУМАҒЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тұрғындар мен демалушыларға арналған кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері және қорық мамандары қатысты.

Түсіндіру барысында табиғатты таза сақтау, қорық аумағына қоқыс тастамау, белгіленбеген жерлерде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау, от жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау және дала өртінің алдын алу бойынша маңызды ескертулер айтылды.

Сонымен қатар тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау қажеттігі түсіндірілді.