КЕНТАУДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

КЕНТАУДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Кентау қалалық «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға Түркістан облысының аудан-қалаларынан 80-ге жуық тыл ардагерлері қатысып, өзара жүздесіп, мерекелік көңіл-күйде спорттық ойын түрлерінен бақ сынады. Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Іс-шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Отан қорғаушылар күні – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет еткен және етіп жүрген азаматтардың ерлігі мен еңбегін ұлықтайтын ерекше күн екенін атап өтті. Сонымен қатар, тыл ардагерлерінің ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне ризашылығын білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Мерекелік жиын барысында қатысушыларға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында достық қарым-қатынасты нығайтқан әсерлі кездесу жоғары деңгейде қорытындыланды.