
Кентау қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік жиынға қала тұрғындары, ардагерлер, әскери қызметшілер мен түрлі сала өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов сөз сөйлеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ қала дамуына үлес қосып жүрген барлық сала мамандарын шын жүректен құттықтады.
Қала басшысы өз сөзінде Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірін сақтау жолындағы еңбектің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қызмет барысында ерекше көзге түскен бірқатар азаматтарға алғыс хаттар мен «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі табысталып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиын барысында патриоттық рухтағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.