КЕНТАУ ҚАЛАСЫ «АЙБЫН-2026» ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ «АЙБЫН-2026» ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысының Кентау қаласындағы «Үркер» жазғы сауықтыру лагерінде «АЙБЫН-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Жалпы байқауға Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген 14 команда құрамындағы 210 жас қатысты. Жастар пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, әскери крос, әскери эстафета, қыздар арасында жатып денені көтеру, сондай-ақ робототехника бағыттары бойынша өзара сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша Кентау қаласының командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Төлеби ауданы екінші орынды, Бәйдібек ауданы үшінші орынды иеленді.

Шара барысында ұйымдастырушылар болашақ жауынгерлерді жастайынан әскери іске баулу, олардың бойында отансүйгіштік пен жауапкершілік рухын қалыптастыру – маңызды міндет екенін атап өтті.

Кентау қаласының командасы жеңіске жетіп қана қоймай, республикалық кезеңге жолдама алып, облыс намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.