
Қала аумағында нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру және сыртқы жарнама объектілерін заң талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Кентау қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар нысандар анықталып, оларды ретке келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 30-дан аса нысанның сыртқы келбеті ретке келтіріліп, талапқа сәйкес келмейтін заңсыз жарнамалар алынды. Бірқатар нысандардағы жарнамалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес рәсімделді.
Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.