КЕНТАУДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

КЕНТАУДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Кентау қаласындағы Ынтымақ алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық пен татулық – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы мен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов қатысып, барша жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдерінің өнері паш етіліп, ән мен би, сахналық қойылымдар арқылы ел бірлігі мен татулығы кеңінен насихатталды.