ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ҚАРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ҚАРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кездесуін Қарнақ ауылында өткізді.

Жиын барысында ауыл халқы медицина қызметінің сапасы, газдандыру, спорт кешенінің қажеттілігі, сондай-ақ ауыз су мен жолдың жай-күйі жөніндегі өзекті мәселелерді көтерді.

Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе заң аясында қаралатынын атап өтті.

Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, көтерілген мәселелердің оң шешімін табатынына сенім білдірді.