
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кездесуін Хантағы ауылында жалғастырды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары мал жайылымы, балалар ойын алаңшалары, медицина саласы, сондай-ақ ауыз су мен жол мәселелерін көтерді.
Қала басшысы барлық ұсыныс-өтініштерді мұқият тыңдап, әрбіріне заң аясында жауап берді. Сонымен қатар бірқатар мәселелердің шешімі қаржы қаражатының бөлінуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Кездесу қорытындысында тұрғындар өз сауалдарына нақты жауап алып, алдағы уақытта көтерілген мәселелер оң шешімін табатынына сенім білдірді.