КЕНТАУ БЕС МЫҢ БАС ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

КЕНТАУ БЕС МЫҢ БАС ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Кентау қаласында «Kaz Real Meat» ШҚ тарапынан Қарнақ ауылында 2025–2027 жылдар аралығында заманауи технологиялар негізінде бордақылау алаңы мен мал сою цехын іске қосу жоспарлануда.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, 2025 жылы алғашқы кезеңде 1,5 мың бас ірі қара бордақылауға қойылады. Ал 2026–2027 жылдары жоба толық қуатына жеткізіліп, 5 мың басқа дейін ірі қараны бордақылау және сою мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ет өндірісін дамытуға оң ықпал ететін болады.