КЕНТАУДА САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ 2026 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

КЕНТАУДА САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ 2026 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
КЕНТАУДА САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ 2026 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
 
Кентау қаласында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлерге арналған маңызды жиын өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – 2026 жылдан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру.
Жиынды Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Тілепбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.
Жиында баяндама жасаған Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Сәуле Ширинбекова жаңа салық реформаларының негізгі бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда:
– сараланған салық ставкалары енгізілгені;
– қосылған құн салығының жаңартылғаны;
– «сән-салтанат салығының» енгізілуі;
– салық есептілігінің жеңілдетіліп, нысандарының қысқаруы;
– салықтық әкімшілендірудің цифрландырылуы мен сервистік модельге көшу мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ жиында салықтық тіркеу, есептілік тапсыру, арнаулы салық режимдері мен тәуекелдерді басқару жүйесіндегі өзгерістер кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, жаңа талаптарды дұрыс қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.