КЕНТАУДА «ӨНЕРЛІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Кентау қаласында қосымша білім беру мекемелерінің «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» атты есептік концерті өтті. Шығармашылық кеште жас өнерпаздар ән, би, күй және сахналық қойылымдар арқылы бір жылдық жетістіктерін көпшілікке ұсынды.
Шараға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, сондай-ақ Түркістан облысы білім басқармасының қосымша білім беру және дамыту орталығының директоры Айсұлу Егембердиева және аталған орталықтың көркемдік-эстетикалық бөлім меңгерушісі Нұрзинат Тұрмаханбетова қатысып, жас таланттарға сәттілік тілеп, олардың өнеріне жоғары баға берді.
Сонымен қатар, қонақтар қосымша білім беру мекемелеріндегі робототехника, сурет және қолөнер үйірмелерінің көрмесін тамашалап, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты.
Концерт барысында түрлі жанрдағы қойылымдар ұсынылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш соңында өнерлі жастар мен жетекшілерге алғыс білдірілді.