ЖАНДОС ТАСОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
“AMANAT” партиясы Кентау қалалық қоғамдық қабылдауының ұйымдастыруымен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арман Басаров, қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар түрлі әлеуметтік және коммуналдық мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, жер телімдері, жол сапасы, заңсыз қоршаулар, балалар ойын алаңшалары, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік сұрақтар қозғалды.
Қала әкімі әрбір азаматтың өтінішін жеке тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты түсіндірме берді.
Кездесу қорытындысында бірқатар мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеліп, кейбір өтініштер қосымша қарауды қажет ететіні айтылды. Сондай-ақ, барлық өтініштер кезең-кезеңімен шешімін табатыны атап өтілді.