СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кентау қаласы әкімдігі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Бауыржан Шүкірбайұлы Жорабеков қала әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту және тәуекелдердің алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және азаматтармен ашық әрі сапалы жұмыс жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.