КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында кең көлемді жұмыстар қолға алынған.

Аталған экоакция шеңберінде Кентау қаласының орталық көшелері, саябақтары мен аллеяларына біржылдық гүлдер отырғызылып, қала келбетін көркейту бағытында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару және жаңа көшеттер отырғызу жұмыстары да тұрақты түрде жүргізілуде.

Қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, ретке келтіру шаралары ұдайы ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарға коммуналдық қызмет мекемелерімен қатар, еріктілер мен қала тұрғындары да белсенді түрде атсалысуда.

Таза әрі көрікті қала қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.