«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қала тұрғындары, еріктілер, жастар және түрлі мекеме қызметкерлері бір мақсатқа жұмылып, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар қоқыстан тазартылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Сенбілікке 300-ге жуық тұрғындар ат салысты. Нәтижесінде 15 техника жұмылдырылып, 30 тоннага жуық қоқыс шығарылды.

Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Сондықтан мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық сананы қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады.