
Кентау қаласында “Таза Қазақстан” эко бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 500-ге жуық мемлекеттік және мекеме қызметкерлер, қала жастары белсене қатысты. Бірлік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен қатысушылар қаладағы Ш.Уалиханов 176, 178, 180, 182, 184, 186, 188 тұрғын үй аумағын қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты.
Нәтижесінде, 12 арнайы техниканың көмегімен 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Аталған шара қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.