КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қала әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуовтың төрағалығымен ауыл әкімдері мен мекеме басшыларының қатысуымен «Жергілікті бюджетті жоспарлау туралы» маңызды жиын өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қаржы министрлігінің бекітілген қағидалары және бюджеттік өтінімдерді әзірлеу, ұсыну тәртібі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, бюджеттік сұраныстарды қағаз және электронды форматта ұсыну міндетті екені атап өтілді.

Негізгі мақсат – бөлінетін қаражатты қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттап, индикаторлардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету.