КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы көпбалалы аналарды қабылдап, оларға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.

Шараның мақсаты - өмірін бала тәрбиесіне, ұлт болашағын қалыптастыруға арнаған аналардың еңбегін бағалау және оларға құрмет көрсету.

Жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналар «Алтын алқа», ал алты баланы өмірге әкелген аналар «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады. Бұл – аналардың көпжылдық еңбегі мен отбасындағы зор жауапкершілігін бағалаудың айқын көрінісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Кентау қаласынан ананың біреуіне «Алтын алқа», 6 көпбалалы ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.