КЕНТАУДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН «НАУРЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

КЕНТАУДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН «НАУРЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін «Ұлттық спорт» күні қарсаңында Кентау қаласында еркін күрестен республикалық турнирдің ашылу рәсімі өтті.

Дүбірлі дода қаладағы Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтуде. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған жарыс 19–22 наурыз күндері аралығын қамтиды.

Аталған турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарынан, Алматы қаласынан, сондай-ақ Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан келген 42 команда қатысуда. Жалпы саны 430-ға жуық жас балуан боз кілемде бақ сынайды.

Бұл жарыс – жас спортшылар үшін тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға, сондай-ақ болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын маңызды алаң. Үш күнге созылатын тартысты бәсекеде балуандар өзара мықтыларды анықтап, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күш-жігерлерін салатын болады.

Ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған мұндай ауқымды жарыстар жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, отансүйгіштік рухты нығайтуға зор үлес қосады