
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов аппараттық мәжіліс өткізіп, қаладағы өзекті мәселелерді қарады. Жиынға әкімдік қызметкерлері мен сала басшылары қатысты.
Мәжілісте қала әкімінің орынбасары Нұрдәулет Медеуов туризм саласын дамыту, инвестициялар тарту және алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов «Отбасылық цифрлық карта» жүйесіндегі Д және Е деңгейдегі отбасыларды өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Жиын қорытындысында қала әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, көрсеткіштерді жақсарту, жұмыстарды күшейту және нәтижеге бағытталған шараларды жүйелі жүргізуді тапсырды.